Біздің оқушыларымыз - сіздің болашағыңыз

«Бүгінгі бала — ертеңгі елдің тірегі» деген сөздер балалардың тәрбиесі мен білімінің маңыздылығын көрсетеді. Балалар — біздің болашағымыз, олардың тәрбиесі, білім алу процесі және жеке дамуы қоғамның дамуына тікелей әсер етеді.

Егер бүгінгі балаларды дұрыс тәрбиелеп, оларға білім мен ұлттық құндылықтарды сіңірсек, ертең олар елдің жанашыры, жауапты азаматтары болып өседі. Сондықтан балаларға қолдау көрсетіп, олардың әлеуетін дамыту — әрқайсымыздың міндетіміз.

Осы  орайда, құрметті ата-аналар, біздің оқушыларымыз – сіздің болашағығыз екенін түсіне отырып, Сіз бен бізді байланыстырып тұрған жас ұрпақтың мектебіміздің қабырғасында жаһандық білім мен ұлтық тәрбиемен сусындауы үшін бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз.

Бізге білдірген сенімдеріңізді ақтап, аманатқа қиянат жасамай, абыроймен жуапкершілігімізге алынған міндеттерімізді орындап, еліміздің бәсекеге қабілетті мамандарын қалыптастыруға жұмыстанамыз.