- Элиталық білім беру.
Элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламалары бойынша алынатын білім. («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы).
Білім негізі бастауышта. Бастауыш мектептен бастап әр баланың жеке қабілетін дамытып, дарынын ашу бағытын ұстанамыз. Элиталық бастауыш мектеп деп атауымыз қоғамның элиталық тобына немесе олардың балаларына арналған деген мағынада емес, мектебімізге білім алуға келген бүлдіршіндерімізге қабілет-дарынына сай білім беріп, осы бүлдіршіндерімізден қазақ елінің элитасын қалыптастыруға жұмыстанамыз дегенді білдіреді.
- ХХІ ғасыр дағдыларын ерте жастан қалыптастыру
Қазіргі таңдағы жаңа технологиялар, жаһандану, демографиялық жағдайлар қоғамға жаңа өзгерістер әкелді. Алдыңғы ұрпақтарға жеткілікті болған білім – қазіргі уақытта табысты болу үшін жеткіліксіз.
Қарым-қатынас,
әлеуметтік,
өзін-өзі ұйымдастыру,
зерттеу,
ойлау дағдыларын білім беру саласының зерттеушілері ХХІ ғасыр үшін ең маңызды қабілеттер деп таныды.
Аталған дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру үшін мұғалімдеріміз сабақты өмірмен байланыстыру, пәнді терең түсіндіру, пәнаралық байланысты жүзеге асыру, балаларды өздігінен оқуға үйрету, педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыстанады. Осындай жұмыс түрлерін ұстаздарымыз еркін жүзеге асыру үшін оқушыларға стандарттан тыс курстар мен үйірмелер көптеп ұйымдастырылады.
- Ұлттық құндылыктарға негізделген тәрбие
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ, халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері жатады. Мұның бәрі біздің рухани нәр алатын тамырымыз болып табылады. Мектебімізде білім жаһандық болғанымен, тәрбие ұлттық болып қалады.
- Ұзартылған күн тобы барлық оқушылар үшін (үй тапсырмаларын мектепте орындау)
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасының күрделілігі ата-анаға баланың сабағын дайындауға, үй тапсырмасын орындауға көмектесуге қиындық келтіреді. Осы мәселені шешуде мектепте арнайы бағдарлама негізінде өтілген тақырыптарды қайталап, үй тапсырмаларын орындап, бекітіп, келесі тақырыпқа бағыт-бағдар алады. Бұл баланың кешкі уақытын ата-анасымен бірге алаңсыз өткізуіне, отбасы тәрбиесін толықтай алуына жағдай жасайды.
- Бірінші сыныптан бастап математикалық сауаттылық және тілдік (ағылшын) құзіреттерін дамытатын элективті курстар
Тіл - адам ойының айнасы. Терең ойлап, дұрыс сөйлейтін адам өзіне сенімді болады. Осы орайда математикалық сауаттылық пен тілдік құзіреттерін қосымша дамытатын шет тілдері балаларды жан-жақты дамытады.
- Мектепте үш мезгіл тамақтану барлық оқушылар үшін
Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы - өте маңызды, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі. Ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне көмектесу мақсатында оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтануды ұйымдастырамыз.
- Роботтық техника, шахмат, хореография, домбыра, каратэ, мүсіндеу үйірмелері
Мектепте аталған үйірмелерді ұйымдастыру арқылы біз екі мәселені шешеміз. Біріншіден оқушыны рухани, зияткерлік және физикалық жағынан дамытамыз. Екіншіден, осы жұмыстың бәрі мектеп қабырғасында өтетіндіктен ата-ана мен бала артық шаршаудан арылады.
- Сынып жиынтығы 15 оқушыдан артық емес
Сынып толымдылығын мұндай көлемде ұстау – әр оқушыға жеке көңіл бөлу, әр оқушымен жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыру, әр оқушымен көбірек жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

