«Жайық дарыны» элиталық бастауыш мектебі

«Жайық дарыны» элиталық бастауыш мектебі 2024 жылы 4 тамызда ашылды.

«Жайық дарыны» элиталық бастауыш мектебі — білім беру саласында жоғары сапа үшін жұмыстанатын мектеп. Мектептің негізгі мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім сапасын арттыру және оларға заманауи білім беру әдістерін қолдану.

Мектепте арнайы бағдарламалар бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылады, олар балалардың математикалық, шығармашылық, техникалық, әдеби және өнер саласындағы дарынын дамытуға бағытталған. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген сыныптар, кітапхана және спорт залдары бар.

Мектептің мұғалімдері — жоғары білікті, өңірімізге танымал, тәжірибелі мамандар, олар балалармен жұмыс істеп, олардың жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мектепте түрлі тәрбиелік іс-шаралар, психологиядық сағаттар ұйымдастырылып, балалардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Мектепте тәрбие жұмысы ұлттық құндылықтарға негізделіп ұйымдастырылады. Осыған орай аптаның әрбір жұма күні ұлттық ойындар ойнатылып, ұстаздар мен оқушылар ұлттық киім киіп, асханада ұлттық тағамдар дайындалып, ас соңында оқушылар бата беріп, салт-дәстүріміз насихатталады.