Құрметті Құндыз Меңдіғалиқызы және куратор Алтынбек Шынтемірұлы!

Сіздерге үлкен алғысымды білдіргім келеді! 3-балам биыл 1-сыныпқа барды. Бұған дейін екі баламды оқытқан кезімде, әріптерді қосып оқудың өзі біраз уақыт пен шыдамдылықты талап ететін. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша. Барлық әріптерді жатқа біліп, әріптерді қиналмай қосып оқи алатын дәрежеге жеткен.

IQ мектебіне де апарып көргенмін үлкен екі баламды, ол жерде де белгілі бір нәтижелер болғанымен, дәл осындай нәтижені көрмедік. Қазір, электронды әліппе арқылы буындап, сөздерді қосып оқып отырмыз. Әкесі екеуміз таңқалып отырмыз — балам еш қиналмастан, еркін оқи алады.

Сонымен қатар, ұстазы адамның есімдері мен қалалар секілді атауларды бас әріппен жазу керек екенін үйреткенін айтып, бізге де көрсетіп, айтып, үйретіп отыр😅🤗👍.

Мектепке барғымыз келмей қалады деп ойлаушы едік, бірақ балам тіпті демалыс күні де сабаққа барғым келеді деп тұр. Бұл - ұстаздарымыздың еңбегі деп білемін!

Бәріне үлкен рахмет!

Қайырлы кеш!

Мен үшінші сынып оқушысы Ералының мамасымын, балам осы мектепке келгелі өте жақсы ықыласпен, махаббатпен асығып келеді.Осы мектептің мұғалімдеріне соның ішінде Арайлым Рахымғалиқызына көп-көп алғысымды айтамын. Мектептің іші өте таза, жарық, барлық соңғы технологияларға сай салынған сол себепті өте ризамыз. Барша оқушыларға сәттілік тілеймін. Бүгінгі жиналыс өте керемет деңгейде өтті.