Қайырлы күн баршаңызға!

Менің есімім Көркем болады биылғы жылы біздер баламыз бірінші сыныпқа баратын болғасын біздер көп мектептің ішінен осы Жайық дарыны мектебін таңдағанымызға еш өкінбейміз. Себебі бүгін бізде ең бірінші ата-аналар жиналысы өтті барлығы керемет түсіндірілді,біздің сынып жетекшіміз Құндыз Меңдіғалиқызы өте керемет өз ісінің маманы деп ойлаймын себебі бірінші сыныпқа келгеннен бастап баламыздың сабаққа деген,күнделікті өмірге деген көзқарасы керемет дамып келе жатқанын өз көзімізбен көріп қуанып жатырмыз.

Құндыз Мендигалиевна, сізге көп-көп рахмет😘😘😘Балам апай күшті үйретеді деп мақтап келеді. Қызығышылығы ерекше сабаққа деген💯💯💯💯💯Кәсібіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіз тек қуанта берсін🤲🏼🤲🏼🤲🏼🤲🏼

Баршаңызға қайырлы күн!

Мен Ахатова Аягөз осы элиталық мектептің  бірінші сынып оқушысы Рахимолла Омардың анасы боламын. Осындай мектеп біздің қалада ашылғанына өте қуаныштымын. Тұңғыш ұлымызды осы мектепке бергенімізге шын жүректен қуаныштымыз. Барлығы өте қатты ұнап жатыр, барлық үйренгендерін айтып келеді. Сынып жетекшісі Құндыз Мендіғалиқызына алғысымыз шексіз. Баламен жұмыстану оңай жұмыс емес сондықтанда тек барлық шығармашылық табыс тілеймін. Бүгінгі жиналыс өте жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын, баламыздың хатын оқыған кезде тіптен көзімізге жас келді. Рахмет барлықтарыңызға. Осы мектепке шақырамын баршаңызды балаларыңызды беріңіздер еш өкінбейсіздер.