Элиталық білім беру
Мектебімізге білім алуға келген бүлдіршіндерімізге қабілет-дарынына сай тереңдетілген білім беріп, әр баланың жеке қабілетін дамытып, дарынын ашамыз
Білімге жүз пайыз кепілдік
Сапалы және заманауи білім беру әдістері, жүйелі түрде оқыту, қолайлы орта және оқу мотивациясын арттыру арқылы білім сапасын жақсартамыз
ХХІ ғасыр дағдылары
Қарым-қатынас, әлеуметтік, өзін-өзі ұйымдастыру, зерттеу,ойлау дағдыларын білім алушылардың бойында ерте жастан қалыптастырамыз
Сынып жиынтығы -15 оқушы
Сыныптағы аз оқушы саны әр оқушыға жеке көңіл бөлуге және қолайлы оқу ортасы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады

JAIYQ DARYNY

"Жайық дарыны" элиталық бастауыш мектебі
 
Біз туралы тағы біраз

Жылдам, ақылды және керемет шешімдер

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдайтын шешімдері олардың ойлау қабілеті, мінез-құлқы және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл жас кезеңінде балалар өмірдегі әртүрлі жағдайларға қатысты шешім қабылдауды үйреніп, жауапкершілікті сезіну қабілетін дамытады. Мұндай дағдыларды ерте жастан дамыту оларды болашақта сенімді әрі өз бетінше әрекет ететін тұлға болуға дайындайды.

Біз туралы тағы біраз

Ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ, халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері жатады. Мұның бәрі біздің рухани нәр алатын тамырымыз болып табылады. 
Ұлттық тәрбие – әрбір ұлттың мәдениетін, дәстүрін, тарихын, тілін және рухани құндылықтарын сақтап, жас ұрпаққа жеткізу үдерісі. Бұл тәрбие түрі жеке тұлғаның ұлттық болмысын қалыптастырып, оны қоғамның толыққанды мүшесі болуға дайындайды. 
Мектебімізде білім жаһандық болғанымен, тәрбие ұлттық болып қалады.

 
Біздің мектеп өмірі

Біздің мектептің пайдалы да қызықты сәттері

Бастауыш мектеп өмірі – балалардың білім алу жолындағы ең алғашқы және маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл кезеңде балалар оқу, жазу, есептеу сияқты негізгі білім мен дағдыларды үйреніп қана қоймай, сонымен қатар, тәртіп, жауапкершілік, өзара қарым-қатынас жасау сияқты әлеуметтік дағдыларды меңгереді. Бастауыш мектепте қалыптасқан дағдылар мен білім негіздері болашақтағы оқу үлгеріміне және жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.

 
Біз туралы тағы біраз

Біздің оқушыларымыз - сіздің болашағыңыз

Білім – әрбір мемлекеттің дамуының негізі. Балалардың бүгінгі алған білімі – олардың ертеңгі жетістіктерінің кілті. Заманауи технологиялар мен ғылымды меңгерген ұрпақ болашақта елдің экономикасын, мәдениетін, ғылымын дамытатын мамандар болады.

Ұзартылған күн тобы

Мектепте арнайы бағдарлама негізінде өтілген тақырыптарды қайталап, үй тапсырмаларын орындап, бекітіп, келесі тақырыпқа бағыт-бағдар алады. Бұл баланың кешкі уақытын ата-анасымен бірге алаңсыз өткізуіне, отбасы тәрбиесін толықтай алуына жағдай жасайды.

Білім-табысқа жетудің кілті

Бірінші сыныптан бастап математикалық сауаттылық және тілдік (ағылшын) құзіреттерін дамытатын элективті курстар

Тіл - адам ойының айнасы. Терең ойлап, дұрыс сөйлейтін адам өзіне сенімді болады. Осы орайда математикалық сауаттылық пен тілдік құзіреттерін қосымша дамытатын шет тілдері балаларды жан-жақты дамытады.

Әрі қарай оқу
 
Біз туралы тағы біраз

Үйірмелер

Мектепте әртүрлі үйірмелерді ұйымдастыру арқылы біз екі мәселені шешеміз. Біріншіден оқушыны рухани, зияткерлік және физикалық жағынан дамытамыз. Екіншіден, осы жұмыстың бәрі мектеп қабырғасында өтетіндіктен ата-ана мен бала артық шаршаудан арылады.

Пікірлер

Ата-аналар не дейді?